Қазгидромет 3, 4, 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысым жоғарылап, бұлтты болады. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде салқын болады.
Солтүстік-шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен кейбір жерлерде найзағай ойнап, аз уақыт жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз