Қазгидромет 5, 6, 7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кейбір жерлерде бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.
5 мамырда елдің солтүстігінде, 6-7 мамырда батысында қатты жаңбыр болжанып отыр. Республика бойынша түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
Елдің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +22…+32 градустан +27…+36 градусқа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-шығыста +15…+30 градустан +20…+35 градусқа дейін жоғарылайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!