Қазгидромет ақпанның аяғына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері оңтүстік циклон елдің басым бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
"25-26 ақпанда оңтүстікте, 26-27 ақпанда түнде оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қар жауады. Жел күшейіп, қарлы боран соғып, көктайғақ болады. Қазақстан бойынша тұман түседі", - деп жазылған хабарламада.
Түнде ауа температурасы солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында 8-18 градус аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 5-12 градус аязға дейін, шығыста 15-20 градусқа дейін, аймақтың оңтүстігінде 5 градусқа аязға дейін төмендейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова