Алда қайта күн суытады

Қазгидромет 25, 26, 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алда елдің көптеген өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте де жаңбыр, қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Кейбір аймақтарда бұршақ жауып, жел тұруы мүмкін. Сондай-ақ, республика бойынша түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.

26 сәуірде батыста, солтүстік-батыста, ал 27 сәуірде солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Күндіз де ауа температурасы төмендейді:

  • солтүстікте +10…+15 градусқа дейін,
  • орталықта +10…+18 градусқа дейін,
  • шығыста +7…+20 градусқа дейін,
  • оңтүстікте +15…+25 градусқа дейін.
  • Батыста температура біртіндеп +7…+15 градустан +15…+20 градусқа дейін көтеріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!