Қазгидромет 25, 26, 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алда елдің көптеген өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте де жаңбыр, қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Кейбір аймақтарда бұршақ жауып, жел тұруы мүмкін. Сондай-ақ, республика бойынша түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
26 сәуірде батыста, солтүстік-батыста, ал 27 сәуірде солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Күндіз де ауа температурасы төмендейді:
- солтүстікте +10…+15 градусқа дейін,
- орталықта +10…+18 градусқа дейін,
- шығыста +7…+20 градусқа дейін,
- оңтүстікте +15…+25 градусқа дейін.
- Батыста температура біртіндеп +7…+15 градустан +15…+20 градусқа дейін көтеріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова