Алда қай өңірлерде күн суытады?

Қазгидромет 8, 9, 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанның батыс өңірлеріне циклон әсер етеді. Сондықтан жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

Республиканың қалған аумағында жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты аз уақыт жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болжанып отыр.

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде +12…+21 градустан +7…+16 градусқа дейін, күндіз +15…+25 градустан +13…+23 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнгі ауа температурасы +13…+20 градустан +5…+15 градусқа дейін, күндіз +20…+30 градустан +15…+25 градусқа дейін төмендейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!