Алда 40 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет 11, 12, 13 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады. Еліміздің солтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Дауыл соғып, бұршақ та жаууы мүмкін.

11-13 маусымда Қостанай, Ақтөбе облыстарында, 11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы жерлерінде қатты жаңбыр болжанып отыр.

Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз