Алда 35 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет 14, 15, 16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық құрылым әсер етеді. Елдің батыс, оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін көтеріледі.

Республиканың қалған бөлігіне суық антициклон әсер етеді. Түнде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1-6 градусқа дейін үсік жүреді. Ал күндіз ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін көтеріледі.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнде, таңертең  солтүстік, шығыс өңірлерде, оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде тұман түседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!