Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Ол 1983 жылы 14 қарашада Атырау қаласында туған. 2005-2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін қаржы және кредит, лингвистика және мәдениетаралық коммуникация мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2008-2010 жылдары Мичиган университетінде қолданбалы экономика магистрі дәрежесін алды.
Ол бірқатар лауазымды қызмет атқарған. 2021 жылғы ақпаннан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейін ұлттық экономика вице-министрі болған.
2022 жылы 11 қаңтарда ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы сәуірде KazEnergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды.
2024 жылғы шілдеде сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!