- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлібек Қуантыров жаңа...
Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды
Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл қызметті атқарған Назира Нұрбаева Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Еске салайық, Әлібек Қуантыров бұған дейін KAZENERGY-дің бас директоры болды.
Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.
Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.
2005-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.
2013 ж. - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
2013-2019 жылдары - ҚР Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
2022-2024 жылдар аралығында ол ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина