Әлібек Ахмедьяр Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін бұл қызметті Азамат Жолманов атқарды. Бүгін ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Оңтүстік Калифорния университетінің магистратурасын (құқық магистрі) бітірген.
Ахмедьяров еңбек жолын Индустрия және сауда министрлігінде Заң департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.
Білім және ғылым министрлігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңсесінде түрлі лауазымда еңбек етіп, Сыртқы істер министрлігінде Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарды.
2022 жылғы 9 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!