Алаяқтық жолмен криптовалютаны иеленген Алматы қаласының тұрғыны сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бостандық ауданының аумағында тараптар арасында криптовалютаны алып сату бойынша мәміле жасалған. Белгісіз X. есімді адам жәбірленушіні алдап, крипто әмиянының жалған шотын хабарлаған.
Осылайша, ол жәбірленушінің 67 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иеленді.
Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушіге 19,5 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды. Үкім заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!