20 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының халықаралық іздеуге жарияланған 37 жастағы ер адам экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Рolisia.kz"-ке сілтеме жасап.
2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.
"Ағымдағы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады. Ұсталған адам қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз