- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- алаяқтық
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден ұсталып, Қазақстанға жеткізілді
20 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының халықаралық іздеу жарияланған 37 жастағы ер адам экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.
"Биылғы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады. Ұсталған адам қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова