Шекарадан өту кезінде интернет-алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Интернеттегі алаяқтықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, тергеу және кінәлі адамдарды әшкерелеу белгілі бір қиындық тудырады.
18 шілдеде Тараз қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматтарын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының "Р" есімді азаматын ұстады.
Жоғарыда аталған азамат сәуір-мамыр айлары аралығында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, "Екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері" және "құқық қорғау органдарының қызметкерлері" ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы екенін айтқан.
Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар "WhatsApp" әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иемденген.
Аталған факті бойынша 25 сәуірде ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталған.
Күдікті Мемлекеттік шекара бекетінен Қырғыз Республикасына қарай өту кезінде ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!