Алаяқтық бойынша іздеуде болған Жамбыл облысының тұрғыны көрші облыстан ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Түркістан облысының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іздеуде жүрген Д.Г. есімді азаматшаны ұстады.
Күдікті Жамбыл облысының Талас ауданында жергілікті тұрғындарды алдау арқылы бірқатар мүліктік қылмыс жасаған. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан жәбірленушілерге 2 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Күдікті өз кінәсін мойындап, оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазіргі уақытта Талас аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жариялауға жатпайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз