Мәскеуде алаяқтарға тап болған зейнеткер әйел төрт пәтерінен айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.Ru-ға сілтеме жасап.
Алты ай бұрын 78 жастағы әйелге өзін учаскелік полицеймін деп таныстырған адам "жаңа нөмірінен" хабарласып, алаяқтардың қоңырау шалатынын ескерткен. Зейнеткер бұған сеніп қалып, кейін ақша талап еткен қоңырау түскенде сол "полицеймен" байланысқан.
Ол әйелді барлық әңгімесі тыңдалып отыр дегенге иландырып, алаяқтарды ұстауға көмектесу үшін олардың айтқанын бұлжытпай орындауды тапсырған.
Осылайша зейнеткер жарты жылдың ішінде қаскөйлерге 1 млн рубльден астам қаржысын беріп, төрт пәтерін сатып, барлық ақшаны курьерлерге табыстап отырған.
Әйел тек "құқық қорғаушылар" Мәскеу облысындағы пәтеріне рента рәсімдеуді сұрағанда ғана алданғанын түсінген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек