- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтарға алданған тұрғындар...
Алаяқтарға алданған тұрғындар баспанасыз қалды
Атырауда үлескерлік құрылыс саласындағы алаяқтар жазаланды. Бұл туралы облыс прокуратурасы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.
Өңірде "Жібек Жолы Инвест Групп" ЖШС және "Ақмаржан-Атырау" тұрғын үй құрылыс кооперативінің басшылары әшкереленді. Олар 2,3 миллиард теңге шығын келтірді, алданған 271 азамат келісілген мерзімде баспанасыз қалған.
Сонымен қатар, кейбір пәтерлер бір уақытта бірнеше адамға сатылған.
"Биыл 22 маусымда алаяқтар А.Юсупова мен Е.Сардарбеков Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (адамдар тобының аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және 195-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен ірі мүлiктiк залал келтiру) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова