- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтардың құрбаны болғандарға...
Алаяқтардың құрбаны болғандарға мың доллар төленетіні рас па?
Әлеуметтік желілерде алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шеккен қазақстандықтарға 1000 доллар көлемінде төлем төленетініне кепілдік беретін бағдарламаның жарнамасы таралып жатыр. Онда тиісті заңға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойғаны айтылған. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Президентінің ресми сайтында алаяқтардың құрбаны болғандарға 1000 доллар көлемінде төлем жасауға кепілдік беретін заң туралы ақпарат жоқ.
ҚР Парламентінің сайтында да мұндай заң туралы ештеңе жазылмаған.
Республикалық БАҚ-та төлемдер туралы хабарлаған жоқ. Алаяқтардан зардап шеккендер тез арада банкке хабарласып, орындалған ақшалай транзакцияны жоюға болатын-болмайтынын анықтауға тиіс. Егер бұл мүмкін болмаса, жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінуі керек.
Демек, алаяқтардың құрбандарына төлемдер төленетіні туралы хабарлама - жалған. Мұндай норма туралы ақпарат жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек