- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алаяқтардың құрбаны болдым"....
"Алаяқтардың құрбаны болдым". Ақтөбе облысының сотталған экс-әкімі жаңа дерек айтты
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевқа қатысы сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
2002-2004 жылдары Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған Ермек Имантаев "Ақтөбе" ӘКК тиесілі жер учаскесін заңсыз сатқаны үшін айыпталған. Шығын - шамамен 100 миллион теңге.
Ермек Имантаевтың айтуынша, былтыр көктемде өзін жоғары лауазымды шенеуніктің жақынымыз деп таныстырған адамдар 100 миллион теңгеден аса ақша төлеуді талап еткен. Оны "Ақтөбе" ӘКК-де жұмыс істеген кезде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екенін дәлелдейтін айғақтармен бопсалаған.
"Оларды алаяқ деп ойлап, бас тарттым. Бірақ 2022 жылы жаз бойы маған және менің отбасымды бопсалап келді, кейін "төлемейтін болсаңыз, темір торға отырғызамыз" деп ультиматум қойды. Қамауға алынбауым және отбасымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мен бопсалаушыларға ақшаны аз-аздан, кейде ауқымды сома төлеуіме тура келді, тіпті жылжымайтын мүлік бердім. Кезекті траншты төлей алмағандықтан, 8 ақпанда мені тұтқындады", - деді ол.
Ол тергеу барысында облыстың бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалинге қарсы айғақ беру үшін қысым жасалғанын айтты.
Шілдеде Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевтың соты басталды. Имантаевқа "Ақтөбе" ӘКК тиесілі жер учаскесін заңсыз сатқаны үшін айып тағылды.
Ермек Имантаев Ақтөбе облысының әкімі лауазымында 2002 жылдан 2004 жылға дейін жұмыс істеді, оған дейін бұл лауазымда Аслан Мусин болды.
2019 жылы 20 қарашада Имантаев "Ақтөбе" ӘКК басқарма төрағасы болды, ал 2021 жылғы наурызда бұл қызметтен кетті. Сол жылы ақпанда Ермек Имантаев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айыппен қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә