Алаяқтардың кезекті құрбаны - музыкант Бағжан Октябрь

Алаяқтардың кезекті құрбаны - музыкант Бағжан Октябрь
Фото: instagram.com/clvdeex/

Танымал қазақстандық музыкант Бағжан Октябрь алаяқтардың құрбаны болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұндай ақпаратты Бағжан Октябрь әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Іссапарда жүргенде банк картамнан ақша шешілгенін байқадым. Бірден бұғаттап тастадым. Сосын банкке хабарластым. Осыдан бірнеше күн бұрын онлайн төлем жасау үшін картамның барлық мәліметтерін жазғанымды айттым, сөйтсек ол бір алаяқтықпен тіркелген ұйым болып шықты. Оқырмандарымды онлайн төлем жасағанда сақ болуға шақырамын", - деді ол. 

Алаяқтар бұған дейін Төреғали Төрәлінің қарындастарының атын жамылып бірнеше рет адамдарды алдауға тырысқан. Сонымен қатар Қайрат Нұртастың бұрынғы әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова да алаяқтардың құрбаны болғанын мәлімдеген болатын. Кеше ғана танымал әнші, Ерке Есмаханның күйеуі Райм әлеуметтік желіде оның атынан әрекет етіп жатқан алаяқтар туралы айтқан еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева