- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтардың қазақстандықтарға қарсы...
Алаяқтардың қазақстандықтарға қарсы жиі қолданатын 6 сөз тіркесі
Фото:
Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Ішкі істер министрлігі алаяқтардан қалай қорғануға болатынын ескертіп, олар жиі қолданатын алты сөз тіркесін атады атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Бейтаныс адаммен телефон арқылы сөйлесу кезінде дәл осындай сөздерді естісеңіз бірден тұтқаны тастай салған жөн.
- Сіздің банк шоттарыңызда күдікті операция байқалды, әлдекім сіздің ақшаңызды ұрламақшы;
- SMS арқылы келген кодты айтыңыз;
- Қазір сіздің шоттарыңызға кімнің қол сұққанын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. Сіз бізге алаяқтарды ұстауға және ақпаратты жарияламауға көмектесіңіз;
- Әлдекім несие алуға өтініш білдірді;
- Біз сізге арнайы және қауіпсіз шотқа ақша аударуға көмектесеміз;
- Банк картаңыздың немесе SIM картаңыздың мерзімі аяқталуға жақын.
Соңғы жылдары Қазақстандағы алаяқтық деңгейі күрт өсіп, еліміз үшін күрделі мәселеге айналды. Сондықтан алаяқтардың арбауына түсіп қалудан ада болыңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов