Алаяқтарды анықтауға арналған сайт іске қосылды

Алаяқтарды анықтауға арналған сайт іске қосылды
Фото: antifraud.kz

Ұлттық банкке қарасты ұлттық антифрод-орталық antifraud.kz сайтын іске қосты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа портал арқылы азаматтар күмәнді сайттар мен инвестициялық компанияларды тексеріп, қаржылық алаяқтықтан қорғану жолдары туралы ақпарат ала алады.

Сайтта алаяқтық жолдардың алдын алу туралы мәліметтер, күмәнді ресурстарды тексеруге арналған анықтамалық және "Фродди" жасанды интеллект көмекшісі бар. Сондай-ақ алаяқтарға тап болған жағдайда банкке, полицияға немесе 116 байланыс орталығына қалай жүгіну керегі түсіндіріледі.

Егер банк шоты бұғатталса, "Фродди" көмекшісі мәселені шешу үшін қай мекемеге хабарласу керегін анықтауға көмектеседі. Алайда Ұлттық банк пен антифрод-орталық шоттарды бұғаттамайды және бұғаттан шығармайды. 

Қазір орталыққа 270 ұйым мен мекеме қосылған. Жүйеде тіркелген оқиғалар саны 200 мыңнан асты. Алдағы уақытта платформаға хабарландыру сервистерін, маркетплейстерді және криптовалюта қызметін көрсететін ұйымдарды қосу жоспарланып отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget