Құжаттарға қашықтан қол қою мүмкіндігінің қауіптері де бар. Қазақстандықтардың атына бірнеше ЭЦҚ рәсімдеуі мүмкін. Олардың санын қалай тексеруге және артығын қалай өшіруге болады? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) әртүрлі цифрлық сервистерде жеке басын куәландыру үшін пайдаланылады.
Алайда кез келген технология сияқты, ЭЦҚ-ны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Егер алаяқтар оған қол жеткізе алса, қолдана алады. Бұл әртүрлі себептермен болуы мүмкін: 1414 нөмірінен SMS-хабарламада кодты беруден бастап "делдалдардың" көмегімен ЭЦҚ рәсімдеуге дейін.
ЭЦҚ-ны Қазақстанда жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар рәсімдейді. Жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу, өздерінің зейнетақы аударымдарын немесе медициналық сақтандыруды қадағалау және т.б. үшін пайдаланады. Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ-ны басшы, сонымен қатар қажет болған жағдайда белгілі бір міндеттерді шешу үшін уәкілетті қызметкерлер де алады.
Fingramota.kz алаяқтар ЭЦҚ-ны қалай пайдалануы мүмкін екенін түсіндірді.
Егер сіз ЭЦҚ-ны жоғалтып алсаңыз немесе оны бөтен адамдарға қандай да бір "көмек" үшін берсеңіз, онда олардың қолында сіздің барлық жеке деректеріңіз бар деп есептей беріңіз. Алаяқтар ЭЦҚ-ны күмәнді мәмілелер жасау, пәтерде бөгде адамдарды тіркеу немесе сіздің көлігіңізді қайта рәсімдеу үшін пайдалана алады.
1-мысал: ұйымның қаржысын пайдалану мақсатында жүргізілген алаяқтықтар
ЭЦҚ-мен алаяқтықтың ең көп таралған түрі - басшының өз ЭЦҚ-сын фирманың атынан қаржылық операциялар жүргізуге құқылы қызметкерге беруі.
Жосықсыз қызметкер ұйымның ақшасын жалған мәмілелер мен жалған төлем шоттары арқылы иемденуі мүмкін. Алайда ЭЦҚ басшының атына тіркелгендіктен, құқық қорғау органдары басшының өзін жауапқа тартады. Бұл ретте қолтаңба иесіне алаяқтыққа қатысының жоқтығын дәлелдеу өте қиынға соғады.
2-мысал: "жоқ адамдарды" жұмысқа орналастыру
Алаяқтар арасында "жоқ адамдарды" жұмысқа орналастыру кеңінен таралған, бұл да басшының ЭЦҚ-сы арқылы жасалады. Жұмысшылар қағаз жүзінде болады, ал олардың жалақысы алаяқтардың қалтасына түседі. Бұл жағдайда да тергеу жұмыстары күрделене түседі, себебі жоқ қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға басшының қолы қойылған, ал ол ЭЦҚ-ны қызметкеріне өз еркімен тапсырса да бұл жөнінде бейхабар болады.
3-мысал: пәтерде шектен тыс адамның тіркелуі
Көбіне ЭЦҚ сыйақы үшін пәтерге тіркеу үшін қолданады, осыдан кейін жүздеген адамды бір пәтерге тіркеуге болады. Бұл жағдай ЭЦҚ жоғалтқан немесе оны басқа адамға сеніп тапсырған баспана иесіне қатысты орын алуы мүмкін.
Сондай-ақ азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына жиі жүгінеді және жалпыға қолжетімді стационарлы компьютерлерде ЭЦҚ жасайды. Олар ЭЦҚ алғаннан кейін компьютердің жұмыс үстелінде сақталған деректерді өшірмей кетіп қалады. Бұдан әрі олардың ЭЦҚ-сын алаяқтар өз мақсаттарына пайдалануы мүмкін.
ЭЦҚ паролін өзгертіңіз. Егер сіз қолтаңбаны ХҚКО-дан алсаңыз, онда қызметкер, әдетте, ЭЦҚ-ға стандартты Аа 123456 паролін береді. Оны өзіңіз өзгерткен дұрыс, мұны жеке кабинетте жасауға болады. Осылайша, Сіз өзіңізді алаяқтардан да, ХҚКО-ның ниеті жаман қызметкерлерінен де қорғайсыз.
ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеңіз. Бөгде адамдарға қандай жағдай болмасын рұқсат бермеу қажет, себебі ЭЦҚ арқылы олар құжаттарға қол қоюы мүмкін. Және мұндай жағдайда, сіздің қолтаңбаңыз еместігін дәлелдеу мүмкін болмайды.
ЭЦҚ-ны мессенджер, әсіресе топпен құрған чаттар арқылы жібермеңіздер, себебі оны кез келген қатысушы көшіріп пайдалануы ықтимал. ЭЦҚ-мен жасалатын барлық рәсімді өзіңіз жасауға тырысыңыз.
Компьютерді вирустардан қорғаңыз. Егер ЭЦҚ-ны компьютерде сақтасаңыз, сапалы лицензиялық антивирус орната отырып, қорғауды ойлаңыз және оны үнемі жаңартып отырыңыз. Сондай-ақ белгісіз (танымайтындардан) адамдардан келген электрондық хаттарды ашпаңыз және күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз. Олардың пайдаланушылары сіздің компьютеріңіздегі барлық затқа қашықтан қол жеткізетін шпион бағдарламалар болуы мүмкін.
ЭЦҚ салынған файлға оның паролінің атын қоймаңыз. Кейбір азаматтар ЭЦҚ паролін ұмытпау үшін қолтаңбасы бар папкаға немесе файлдың өзіне құпия комбинация атын қояды. Мұнымен алаяқтардың жұмысын тек жеңілдетесіз, олар ЭЦҚ-ға оңай қол жеткізеді.
ЭЦҚ-ны бөгде адамдар арқылы рәсімдемеңіз. ЭЦҚ алуға не ХҚКО-ға не eGov mobile арқылы онлайн жүгіне аласыз, ал егер сауалдарыңыз болса 1414 колл-орталығына қоңырау шалыңыз. Қолтаңбаны жылдам, әрі еш мәселесіз рәсімдеймін дегенге сенбеңіз, себебі алаяқтар "шынайылық үшін" ЖСН, банктік картаның деректемелерін және оның пин-кодын да сұратуы мүмкін.
Өз сматрфоныңызға тексерілмеген қосымшалар орнатудан сақ болыңыз. ЭЦҚ-ны eGov mobile арқылы сақтасаңыз, егер алаяқтарға өз телефоныңызға кіруге рұқсат етсеңіз, оған орнатылған пин-код та Сізді қорғамайды. Бұл үшін шпиондық болып шығатын қосымшаны көшірсе болғаны. Өз смартфоныңызға барынша аз қосымша орнатуға тырысыңыз. Осылай сенімдірек. Жеткізу бойынша қосымшалар экран жазбасынан "ұстап алған" жағдайлар да болған.
Егер сіз компьютерде немесе флешкада сақтаған ЭЦҚ-ны жоғалтсаңыз, онда оның күшін жойып, жаңасын жасап алыңыз.
Ұлттық куәландырушы орталықтың сайтында қазақстандықтарға электрондық цифрлық қолтаңбамен байланысты түрлі қызметтер қолжетімді: қайта шығару, кері қайтарып алу, парольді өзгерту және рәсімделген кілттер тізімі.
Қандай да бір қызметті алу үшін ЭЦҚ көмегімен порталға кіріп, "менің ЭЦҚ кілттерім" қосымша бетінде қажетті қызметті таңдау қажет.
Сонымен, "ЭЦҚ кілттердің тізімі" жолын таңдағанда пайдаланушының атына ашылған барлық электрондық қолтаңбалар, олардың рәсімделген күні мен қолданылу мерзімі туралы деректермен ашылады.
Егер қосымша кілттер табылса, оларды электрондық қолтаңбалардың әрқайсысының астындағы "өңдеу" батырмасын басу арқылы қайтарып алуға болады. Ашылған терезеде (оның төменгі бөлігінде) кері қайтарып алу себебін таңдап, тиісті белгіні қойып, "кері қайтарып алу" батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ бұл жерде ЭЦҚ паролін өзгертуге болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!