Алаяқтар танымал актрисаны интим хабарлама үшін бопсалаған

Алаяқтар танымал актрисаны интим хабарлама үшін бопсалаған
Фото: podrobno.uz

Танымал өзбек актрисасы Садокат Хамидова алаяқтардың құрбаны болды. Олар әртістің әртүрлі ер адамдарға жазған хаттарын монтаждап, оны өшіру үшін ақша талап еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Актриса жасырын Telegram-арналардың бірінің әкімшілері Instagram-да ер адамдармен ашық қарым-қатынасты сипаттайтын хаттарын монтаждап, сондай-ақ, жалған суреттер мен видеолар жасағанын, содан кейін бәрін Telegram-ға таратқанын айтты.

Хамидованың сөзінше, жалған хат-хабарлардың скриншоттары оған және оның жақындарына қиындықтар туғызған.

"Жақында тойым болады, сондықтан маған қатысты қауесет көп. Олар хат-хабарларды монтаждағаны сонша - шын екеніне сеніп қалуға болады", - деді ол.

Актриса дереу құқық қорғау органдарына жүгінді, ал бұзақы көп ұзамай ұсталды. Қазір осы дерек бойынша тергеуге дейінгі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова