- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар тағы да...
Алаяқтар тағы да Halyk Bank атынан ақша ұсынып жатыр
Қазнетте сауалнамадан өтуге, Halyk Bank атынан ақшалай сыйақы алуға шақыратын хабарландыру тарап жатыр. Бұл - алаяқтардың ісі, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Басылым мәліметінше, Желі қолданушыларына бірнеше қарапайым сұраққа жауап беруі тиіс, содан кейін олар аты-жөнін және телефон нөмірін тереді. Алайда Halyk Bank-тің бұл сауалнамаға еш қатысы жоқ. Біріншіден, сауалнама банктің ресми сайтында бұл ақпарат жарияланбаған, басқа ресурста жарияланған. Екіншіден, Halyk Bank-тің ресми порталында алаяқтар туралы ескерту бар, онда адамдарға өзінің дербес деректерін белгісіз тұлғаларға айтпау және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу керегі нақты жазылған. Мұндай ескертулер банктің әлеуметтік желілерінде де бар.
Сауалнамадан өткені үшін ақша ұсыну - интернеттегі алаяқтар қолданатын ең көп таралған схемалардың бірі. Сауалнамалар фишинг сайттарында жарияланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова