- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар министр Балаеваның...
Алаяқтар министр Балаеваның атынан жалған хабарлама таратып жүр
Алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан жалған хабарлама таратып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін хабарлайды.
Мұндай хабарламалар алаяқардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді.
Министрлік абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұрады. Мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет етуді ұсынды:
- Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.
- Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина