- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар Қостанай әкіміне...
Алаяқтар Қостанай әкіміне хабарласып, алдамақ болған
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев телефон алаяқтары өзін қалай алдамақ болғанын айтты, - деп хабарлайды "Наш Костанай".
Әкімдік аппаратының отырысында полицейлер деректер келтірген. Соған сәйкес, биыл Қостанай облысында 141 интернет-алаяқтық эпизодын жасаған 31 күдікті анықталған.
Әкім Марат Жүндібаев қала тұрғындары жиі алаяқтардың құрбаны болатынын атап өтті.
"Бұл мәселенің басы ғана. Шындығында, полицияға бәрі арызданбайды. Қарттар да, жастар да алданып жатады. Алаяқтыққа жеке өзім де тап болғанмын. Маған телефон шалып, картамның деректерін айтуды сұрады. Қазір телефон және интернет алаяқтары өте көп. Қылмыс трансұлттық сипатқа ие", - деді әкім.
Қостанай қаласының әкімі тұрғындар арасында ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтып, азаматтарды сақ әрі қырағы болуға шақырды.
Ж. Қадыржанова