- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар қоңырау шалған...
Алаяқтар қоңырау шалған жағдайда қандай сөздерді айтпау керек?
Қазақстан полициясы өздерін құқық қорғау органдары қызметкері ретінде таныстырған адамдарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап бермеу керектігін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, алаяқтар адамдардың ақшасын қолды қылу үшін күн сайын түрлі айла тәсілдер шығарып жатқан көрінеді.
"Құрметті азаматтар! Егер сізге қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органдары қызметкері ретінде таныстырса онда мынадай сөздерді, яғни "иә" немесе "жоқ" дегенді айтпаңыз, өйткені олар мұны кейін биометрия үшін қолдануы мүмкін. Ешқандай мәліметті айтпастан, қоңырауды үзіңіз.
Есте сақтаңыз: егер нағыз құқық қорғау органдары қызметкерлері сізге хабарласқысы келсе, онда олар ресми шақыру қағазын жібереді немесе полиция бөлімшесіне шақырады", - делінген полиция хабарламасында.
Осыған дейін өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар суретін жариялады. Құқық қорғау органдары ешқашан WhatsApp мессенджері арқылы немесе шетелдік нөмір арқылы хабарласпайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz