- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар Қонаев әкімінің...
Алаяқтар Қонаев әкімінің атын жамылып жүр
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан интернет-алаяқтар смс таратып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін WhatsApp желісі арқылы хабарламалар таратылса, қазір интернет-алаяқтар Телеграм желісін пайдалануда. Хабарламада ҰҚК-дан куратор тағайындалғаны, жоспардан тыс тексеріс болатыны жазылған. Байланыс нөмірі көрсетілмеген. Сосын ҰҚК қызметкерімін деп Нариман Сағымбаевтың атынан хабарлама да жолданған.
"Құрметті тұрғындар! Егер сұрақтар болса, қала әкімінің қабылдауына жазылып, жеке жолығуды сұраймыз! Асхат Бердіханов Телеграм желісін пайдаланбайды. Инстаграмдағы аккаунты – berdikhanov_askhat. Сақ болыңыздар!", - дейді облыстық әкімдік өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина