- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар қазақстандықтарды ірі...
Алаяқтар қазақстандықтарды ірі мұнай компаниясының атынан алдап жатыр
Facebook-те инвестициялар туралы жарнамалық ұсыныс тарады. Қолданушылар "Каспий Мұнай" АҚ-ға 80 мың теңге мөлшерінде бір реттік инвестиция салғаны үшін 520 мың теңгеден бастап төлемдер ала алады екен. Бұл хабарландыру - фейк, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Қазнетте 2021 жылғы желтоқсанда "Каспий мұнай" атынан дәл осындай хабарландыру тараған болатын. Ол кезде компания өкілдері оның бұл инвестициялық ұсыныстарға қатысы жоғын хабарлады.
"Каспий Мұнай" АҚ компаниясының қаржы пирамидасына қатысы жоқ. Алаяқтар "Каспий Мұнай" АҚ атауын ҚР бағалы қағаздар нарығында қызметпен айналысуға лицензиясы бар брокерлік/дилерлік ұйымдардың тізімінде бар болғандықтан мақсатты түрде пайдаланады", - деді "Каспий Мұнай" АҚ баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша жазаланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова