• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың тағы бір схемасын ойлап тапқан

Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың тағы бір схемасын ойлап тапқан
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде жалған брокерлер ұрлаған ақшаны қайтару туралы жарнама көбейді. Бұл жолы киберқылмыскерлер Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан әрекет еткен. Олар ақшаны тікелей биржадан қайтарады екен, бұл - фейк, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

"Алаяқтардың іс-қимылы өзгермеген. Олар сенімдірек болу үшін танымал адамдардың немесе мемлекеттік құрылымдардың атын жамылады. Тегін кеңес беру мен мәселелерді тез шешу туралы уәделер - бұл ақшаңызды иемденудің амалы", - деп жазылған мәліметте.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқ брокерлерден зардап шеккендерге ақшаны қайтарып бере ме, жоқ па деген ақпаратты оңай тексеруге болады. Ведомствоның ресми сайтында мұндай жаңалықтар жоқ.

"Абай болыңыз және жеке деректеріңізді бермес бұрын барлық ақпаратты мұқият тексеріңіз. Алаяқтар сізді алдап, қаржылық ақпаратқа қол жеткізу үшін жалған сайттарды жиі пайдаланады", - деп жазылған мәліметте.

Бұған дейін осындай схемада алаяқтар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің суретін пайдаланған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget