- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар қазақстандықтарды алдау...
Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін Президенттің атын пайдаланып жүр
Facebook әлеуметтік желісінде Jomart-Tokayev деп аталатын аккаунт ашылған. Бұл парақшада ақшалай сыйлықтар ұтысы өткізіліп жүр. Алайда бұл парақшаның Мемлекет басшысына қатысы жоқ, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде екі ресми парақшасы бар. Бұл Twitter-дегі tokayevkz және Instagram-дағы tokayev_online парақшалары. Мемлекет басшысы Facebook-те тіркелмеген және ол жерде ешқандай ұтыс ойындарын өткізбейді.
Ақшалай сыйлықтар ұтысын өткізу - алаяқтардың айла-амалдарының бірі. Олар "ұтысты" картаңызға жібереміз деп қолданушылардың жеке дерегін, тіпті ақшасын да иемденеді. Бұл түрлі жолмен жүзеге асырылады. Кейде ұтып алған ақша аударылатын картаның деректерін сайттағы арнайы нысанға жазу арқылы алынады. Ондай платформалар қорғалмайды, бұл әдейі жасалады, бұл оларға қолданушылар енгізген барлық ақпаратты көруге мүмкіндік береді: банк карталарының нөмірлерін, жарамдылық мерзімін және CVC кодты. Бұл картадағы ақшаны алу немесе интернет-дүкенде сатып алынған затқа ақы төлеу үшін жеткілікті.
Төлем деректерін ұрлаудың тағы бір жолы - оларды "халықаралық аударымды" иемдену. Ақшалай сыйлықты картаңызға аудару үшін оның нөмірі ғана емес, барлық басқа дерегі қажет. Есіңізде болсын, картаңыздың жарамдылық мерзімін де, CVC кодты да ешкімге айтуға болмайды.
Демек, Facebook-тегі Jomart-Tokayev парақшасы - фейк. Онда өткізілетін ұтыс ойыны - алаяқтардың ісі. Мұндай акцияларға қатыспаған жөн.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек