- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар қаржы министрі...
Алаяқтар қаржы министрі Жамаубаевтың жалған сұхбатын таратып жатыр
Желіде Ерұлан Жамаубаевқа қатысты мақала жарияланған сайт пайда болды (орфографиясы сақталған - еск.). Онда "Қазақстан банкі тікелей эфирде айтқан сөзі үшін Ерұлан Жамаубаевты сотқа береді" делінген. Мәтінде ҚР премьер-министрініңің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың Qazaqstan телеарнасына берген сұхбаты жайлы әңгіме келтірілген. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Мақала бөгде сайтта орналастырылған, алайда оның дизайны жағынан nur.kz порталына ұқсайды. Онда 2023 жылғы 17 ақпанда тікелей эфирде өткен бағдарламадан суреттер ұсынылған. Сонымен қатар, толығымен ойдан шығарылған сұхбат мәтінінде криптовалюта нарығында сауда жасауға арналған бот жарнамаланған.
Бұл бағдарламаның түпнұсқа жазбасы Qazaqstan телеарнасының Үoutube-арнасында бар. Тікелей эфир кезінде мақалада айтылған жағдайлар болмаған.
Демек, 2023 жылғы 3 тамызда орыс тілінде шыққан мәтіндік сұхбат - фейк. Ол толығымен ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайды. Эфирде корреспондентке қазақ тілінде берген министрдің сұхбаты баршаға қолжетімді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек