Алаяқтар Антикор атынан жалған ақпарат таратып жатыр. Агенттік мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ, қаражат аудармауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Мұндай деректер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!