- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар алматылықтардың 12...
Алаяқтар алматылықтардың 12 миллиардын қалтасына басқан
Алматыда алаяқтар азаматтарға 12 миллиард теңгеден астам шығын келтірген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаровтың сөзінше, қалалық қоғамдық кеңесте жыл басынан бері шаһарда 6 мыңнан астам алаяқтық фактісі тіркелген.
Алаяқтардың бірнеше эпизодты және бірнеше рет жасаған әрекеттерінен азаматтарға 12 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.
"Сонымен қатар қабылданған шаралар интернет-алаяқтықты 14,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Зияткерлік меншік құқықтарын бұзумен байланысты қылмыстардың алдын алу мен күресті күшейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полицейлер негізгі критерийлер бойынша халықпен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл, ең алдымен, халықтың құқықтық сауаттылығы, БАҚ деңгейінде қолжетімді және түсінікті ақпараттық жұмыс, көшелерде, қоғамдық орындарда, алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы жарнамалық буклеттер. Сондай-ақ алаяқтықтың жаңа түрлері, олардың жасалу жолдары және алдын алу шараларының дер кезінде қабылдануы қадағаланып жатыр", – деді Арыстанғани Заппаров.
Оның айтуынша, қаладағы сауда орталықтары мен супермаркеттерде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша плакаттар ілініп, қаланың орталық көшелеріндегі электрон билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертпе бейнероликтер көрсетіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина