- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтар ақмолалықтардың 32...
Алаяқтар ақмолалықтардың 32 миллион теңгесін қағып алған
Ақмола облысында алаяқтар 21 тұрғынды алдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс азаматтары осы аптада алаяқтарға сеніп 32 миллион теңге алданған, алаяқтар жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкері, банк
қызметкерлері ретінде таныстыруды жалғастыруда және жәбірленушілердің атынан таныс адамдардан қарызға ақша сұрап хабарлама жіберуде.
Мысалы, Қосшы қаласының тұрғынына What's App мессенджерінде хабарлама келіп түсіп, ол оның танысы өзінен 200 000 теңге қарызға бере тұруын, қарызын пайызбен қайтаруға уәде беріп тұр деп ойлаған.
Танысының бұл туралы шынымен жазғанына көз жеткізбестен, азамат алаяқ көрсеткен шотқа ақша аударып, танысына кешке ғана қоңырау шалып, онда бәрі жақсы екенін білуге шешім қабылдаған.
Әңгіме барысында танысы оның ұялы телефонын бұзып, барлық таныстарына қарызға ақша сұрап хабарламалар жібергенін айтып жеткізгенін көрсеткен. Облыс прокуратурасы егер Сізге таныстарыңыздан, туыстарыңыздан ақша сұрап хабарламалар келіп түскен болса, міндетті түрде бұл хабарламаны олар шынымен жазғанын қоңырау шалу арқылы тексеруге азаматтардың назарын аударады.
Ешқандай жағдайда қолма-қол ақшаны бейтаныс банк карталарының нөмірлеріне жібермеңіз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина