Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қолма-қол ақша шығарып береміз деп 90 мың теңгені иемденіп алған 23 жастағы қала тұрғынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сарыарқа аудандық полиция басқармасына елорда тұрғыны белгісіз біреу "ақшаңызды қолма-қол ақшаға айналдырамыз" деген желеумен алдап, сенімге кіріп, 90 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алғаны туралы арызданған.
Тергеу барысында алаяқтың әлеуметтік желілерде кассалық қызмет көрсету туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.
"Хабарландыру авторы соманы қолма-қол ақшаға айналдыруға уәде берген. Әңгімелесу барысында күдікті оған QR кодын жіберіп, тауарды бөліп сатып алуды жалған рәсімдеу арқылы қашықтан төлеу керек екенін түсіндіріп, төлемнен кейін алаяқ байланысты бірден тоқтатқан. Азаматқа ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері 23 жастағы қала тұрғынын анықтап, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!