Алаяққа сенген Алматы тұрғыны 83 миллион теңгесінен айырылып қалды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол таныс әйелге инвестицияны көбейту үшін қомақты соманы берген.
"Т. есімді азаматша таныстарына ЖШС бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар – инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасап жатқанын айтты. Бірақ ең қызығы компанияға бұл салым қажет емес еді. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге осындай алаяқтық туралы арызбен 9 адам жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша, Т. есімді азаматша делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған. Күдікті ұсталды. Ол – Алматы облысының тұрғыны. Осы эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Тәртіп сақшылары алданғандардың әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Күдіктіні таныған жағдайда полиция көрсетілген нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!