- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- алаяқ
Алаяққа алданып қалғандардың қарызы кешірілуі мүмкін
Халықаралық кеңес осы тақырып бойынша ұсыныс дайындап, жауапты органдарға жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Жоғарғы сот халықаралық кеңесінің отырысында айтылды. Банктер мен МҚҰ интернет алаяқтарға алданып қалған азаматтардың қарызын есептен шығарып тастауды ұсынды.
Судьялар Қылмыстық кодексте интернет-алаяқтық құрбандарының мүдделерін қорғауға қатысты арнайы бап жоқ екенін айтты. Алайда зардап шеккен азаматтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері бар. Биыл 2022 жылмен салыстырғанда мұндай азаматтық істердің өсімі 270 пайыздан асқан.
"Азаматтық істер бойынша соттарға талап-арыздардың екі санаты беріледі: "дропперлерден" қаржыны өндіру туралы және азаматтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарсы талаптары", - делінген хабарламада.
Мамандар заңнамаға онлайн несие алу кезінде міндетті биометриялық аутентификация және зейнеткерлер мен халықтың осал топтары үшін шектеулер енгізу туралы ұсыныс жасады.
"Несиенің клиенттің қатысуынсыз алаяқтық жолмен берілгені сот актісімен анықталған кезде несиелік ұйымдар қарызды есептен шығаруға міндеттеледі, бұл жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл норма несиелік ұйымдарды берілген несиелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға ынталандыруға тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева