- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқ науқас балалардың...
Алаяқ науқас балалардың суретін жариялап, 32 миллион жымқырған
Алматы полициясы 32 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған алаяқты ұстады. Ол әлеуметтік желіде науқас балалардың суретін жариялап, азаматтардан ақша жинаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Ол Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат жинауға көмек көрсетем деген сылтаумен Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашқан.
"Алаяқ әлеуметтік желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде біз күдіктіні, яғни Шымкент қаласының тұрғынын анықтадық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды", – деп мәлімдеме берді Алматы облысы ПД.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина