Әлеуметтік желіде алаш зиялыларының есімін жатқа білетін зерек баланың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балақайдан А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерінің есімі сұралған. Видеодағы баланың есімі Өркен екен. Жасы 6-да.
Желі қолданушылары балақайдың біліміне тәнті болды.
"Қандай керемет, Қазақстанның болашағы", "Қандай ақылды бала", "Үйреткенді үйренген бала", "Жарайсың, елін сүйетін нағыз патриот болу керек", - деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!