Алаш Орда: тәуелсіз Қазақстан идеясының орындалуы

Алаш Орда: тәуелсіз Қазақстан идеясының орындалуы
Фото: Ерасыл Қабылбек

Қазақ зиялыларының төккен тері мен жасаған игі істерін толықтай игеру мүмкін емес. Алғашқы болып қазақ деген халықтың өз ойы, пікірі және саяси бағыты барын көрсете білген Алаш партиясын құрған қазақ зиялылары еді. Биыл Алаш ұлттық-демократиялық партиясының құрылғанына – 100 жыл. Осы айтулы оқиғаның қарсаңында Халықарлық Ақпараттық Технологиялар Университетінде (IT) «Алаш Орда: тәуелсіз Қазақстан идеясының орындалуы» атты іс-шара өтті. 

Екі бөлімді шараның міндеті өскелең ұрпақ – жастарды Алаш қозғалысының қайраткерлерінің еңбегімен таныстырып қана қоймай, олардың ерлігін жастарға дәріптеу еді. Алғашқы бөлімде ХАТУ профессорлері және өзге оқу орнынан келген қонақтар өздерінің баяндамалары бойынша жұмыс істеді. Алаш қозғалысының қайраткері Ыбырайым Жайнақовтың немересі Надия Жайнақова Омарқызы бұл шараның құрметті қонағы ретінде сөйледі.

Халықаралық Ақпараттық технологиялар университетінің сениор-лекторы Даниял Сааридың «Alash as alternative to true democratic development of Kazakhstan” атты ағылшын тіліндегі баяндамасы арқылы Алаш қазіргі Қазақстанның демократиялық бағытта даму үрдісінің негізгі баламасы екенін ұғынуға болады.

Сонымен қатар, шара барысында тек Алаш қозғалысының қайраткерлері дәріптеліп қана қоймай, олардың негізгі мақсаты болған білім мәселесі мен толерантты көзқарас ауқымды түрде талқыланды.

фыув

Оны Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ХҚФ деканы Раев Дәулетбек Сәдуақасұлының «Қазақтың ортодоксальды мәдениетіндегі толеранттылық үлгерімі» атты баяндамасынан байқауға болады.

«Бүгінгі жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығы өткен жылдармен салыстырған әлдеқайда жоғары. Осыдан 10 жыл бұрын келешек ұрпақ мәңгүрттеліп кете ме деген қорқыныш басым болатын. Қазір бұл қорқыныштың ауылы алыс. Жастарға сенетін уақыт келді. Жыл сайын Алаш қайраткерлері, өзге де зиялы қауымның ерліктерін айтып, дәріптейтіндердің қарасы азайып келеді. Бірақ, соңғы уақытта осы бағытта зерттеу жүргізіп жүрген бірнеше жастарды байқап жүрмін. Соған қарағанда, ерлік пен елі үшін төгілген тер мен қанның бағасы жоғары әрі ешқашан ұмытылмаса керек», – дейді Дәулетбек Раев жастарға деген үлкен сеніммен.

Нархоз Университетінен келген қонақ Имярова Зульфия өзінің «Internationaliztion of education on the example of academic ability» атты баяндамасында бүгінгі білімнің халықаралық деңгейге бет бұруы оның академиялық жетістігінің негізі екенін анық көрсетеді.

Шараның екінші бөлімінде университеттің жас зерттеушілері өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.Бір-біріне сұрақ қою арқылы зерттеудің өзектілігі мен негізгі мақсатын анықтады.

Ерлі пен еңбек ешқашан ұмытылмайды. «Алаш Орда» партиясының негізін қалаған зиялы қауымның жасаған істері бүгінгі қазақ қоғамының айырылмас бөлігіне айналды. Олардың негізгі мақсаты болған тәуелсіздік әнұраны шырқалды. Ендігі біздің парызымыз – қолымыздағы бар қасиетті азаттықтың қадірін түсініп, уыстан шығарып алмау.

Т. Есқали