- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алаш арысының ауылына...
"Алаш арысының ауылына баратын жол әлі бітпеген". Қостанай облысының әкімі жауап берді
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туған жеріне апаратын жолдардың жұмысы неге бітпей жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ өкілі өңір әкіміне "сіз Ахмет ауылына апаратын жолды өзім бақылаймын деп едіңіз. Сонымен қатар, Міржақып ауылы саналатын Қызбел мен Бидайық жолы қашан салынады? Осы екі Алаш арысының ауылына баратын жол әлі салынбай отыр" деп сұрақ қойды.
Әкім ондай дерек барын айтты. Оның айтуынша, былтыр Жангелді ауылына барып, осы мәселесі қозғаған.
"Жарты жол жөндеуден өтті. Енді жартысы қалды. Ахметтің ауылына дейін қателеспесем, негізгі тасжолдан 100 шақырым бар. Енді сол 50 шақырымды жөндеуге 1 миллиард 100 миллион теңге бөлінді. Конкурста Қарағанды облысының бір компаниясы жеңген екен. Ұтқанымен, ешнәрсе істеген жоқ," – деді әкім.
Қостанай облысының басшысы Ахметтің ауылына дейінгі жол міндетті түрде жөнделуі керегін айтып, халық алдында уәде бергенін еске алды. Жолға қаражат бөлінетінін керек болса соманы арттыратын атап өтті.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!