"Алаш аманаты" күйіне ремикс жасаған шетелдік қазақстандықтарды таң-тамаша етті

Шетелдік азамат қазақстандық домбырашымен дуэт жасап, "Алаш аманаты" күйіне ремикс жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны өзін бит-аспаз деп атайтын азамат Instagram-парақшасына жүктеген. 

"Мына әуенді естігенімде қатты таңғалдым. Сіздерге ұнады ма? Айта отырыңыздар", - дейді ол. 

Жазбаға көптеген қазақстандық пен шетелдік пікір қалдырған. Бүгінде видео 141 мыңнан аса қаралым жинаған. 

"Бауырым, толық нұсқасын жібере аласың ба?", "Қайта-қайта тыңдай бергің келеді", "Менің Қазақстаным, қоңыр дауысты домбырамның үні", "Қазақ мәдениетін жақсы көремін", "Көп рақмет, толық нұсқасын қайдан тыңдай аламыз?", - дейді пікір қалдырғандар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!