- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- театр туралы
Алан Бөрібаев Almaty Theatre сахнасында ғаламат жаңа жылдық бағдарламасын паш етеді
20 және 22 желтоқсанда Almaty Theatre сахнасында көптен күткен жаңа жылдық оқиға – "Алан Бөрібаевпен бірге жаңа жылдық кеш. Париж. Қаланың дыбыстары" концерті өтеді. Былтырғы салтанатты қойылымнан кейін, маэстро француз музыка мәдениетінің жауһарларын, авторлық әдіс-тәсіл мен симфониялық оркестрдің мінсіз ойынын біріктіретін жаңа бағдарламамен оралды.
Алан Бөрібаев – әлемдік аренада қазақстандық музыка мәдениетіндәріптеп жүрген белгілі дирижер. 2024 жылы ол "Kazakh Opera Gala" және "Сан қырлы Россини" авторлық бағдарламаларын ұсынып, сонымен бірге, Чайковскийдің "Евгений Онегин" операсын Хельсинкидегі Фин ұлттық операсында және Будапештте Мусоргскийдің "Борис Годунов" операсын қойды. Прокофьевтің "Соғыс және бейбітшілік" операсының қайта қойылуы маңызды оқиғағаайналды. Австралия мен Жаңа Зеландияда маэстро Римский-Корсаковтың "Шахризадасын" және Бородиннің "Сары қыпшақ биін" орындады. Содан кейін ол Бухарестте Джордж Энеску филармония оркестрімен дебют жасады. Алда Токио мен Нюрнбергке симфониялық бағдарламалармен гастрольдік сапар өткізбекші.
Алматыда маэстро жылына бір рет – Almaty Theatre сахнасында,дүниежүзінде баламасы жоқ бағдарламамен өнер көрсетеді. Концерт көңіл көтерер сауық кеші ғана емес, ол тәрбиелік сипатқа ие. Тыңдаушылар дыбыстан ләззат алып қана қоймай, шығармалардың мәнін тереңірек түсіне алады. Маэстро композициялардың тарихи және мәдени контекстімен бөліседі, композиторлардың түпкі ойын, жанрлар мен музыкалық формалардың қыр-сырын ашады.
"Біз сөз бен музыка органикалық түрде үйлескен ерекше формат құрдық. Маған көрерменменбайланыс орнатқан ұнайды. Менің басты міндетім – қызықты әңгімелеп, әр шығарманы үлкен картинаның бір бөлігі ретінде көрсету", – дейді маэстро.
Бағдарламада Морис Равель, Клод Дебюсси, Шарль Гуно, Лео Делиб, Жак Оффенбах, Жорж Бизе, Гектор Берлиоз, Камил Сен-Санс және Парижге қатысты басқа композиторлардың шығармалары бар. Бұл туындылар Францияның талғампаздығы, мәдени ұлылығы мен талғампаз музыкалық дәстүрін паш етеді.
"Жаңа жыл – жарқын, би музыкасы бар зайырлы, көңілді мереке. Біздің бағдарлама жаңа жылдық, мерекелік атмосфераны көрсетеді", – деп атап өтті Алан Бөрібаев.
Маэстромен жаңа жылдық кештер Алматының мәдени іс-шаралары арасында өзіндік орнын алып үлгерді. Классикалық музыканы бағалаушылар ғаламат мерекелік атмосфераға шомып, ерекше күйге бөленеді.
Massaget.kz