Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын пойыз және автобус қатынасы жаңарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Жолаушылар автобусы күн сайын, ал пойыз аптаның тақ күндері жүреді. Туристерге қолайлы болу үшін вагон саны 15-ке жеткізілді. Әзірге билет бағасы туралы мәлімет жоқ. Ал автобус билеті 3 жарым мың теңгеден басталады.
Жауапты мамандардың айтуынша, қазір тасымалдаушы фирмалармен келісімшарт жасалып, конкурстық шаралар жүргізіліп жатыр.
Болжам бойынша биылғы туристік маусымда еліміздегі демалыс орындарында 9 млн адам демалады деп күтіліп отыр.
"ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы: - Пойыздардың құрамы, сыйымдылығы 730 орынды плацкарт және купе үлгісінде 15 вагоннан құралған. Халықты Алакөл жағалауының көліктік қолжетімділігімен қамту үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаз мезгілінде маусымнан тамызға дейін «Өскемен-Жалаңашкөл-Достық» субсидияланатын теміржол қатынасын тақ күндері кезеңдікпен іске қосуды көздейді", - дейді Қуаныш Акрамов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!