- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алакөлдегі өрт: соталды...
Алакөлдегі өрт: соталды тергеу басталды
Фото:
Видео кадры
Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өкілдері Алакөлдегі өртке байланысты соталды тергеу басталғанын айтты, - деп хабарлайды Arnapress.kz.
"Керуен" демалыс базасындағы өрт салдарынан екі корпус, кір жуатын үй мен жеті коттеджге зақым келген. "Айгерім" демалыс базасында төрт үйге, "Жібек Жолы" базасында үй, монша мен дәретханаға, "Алихан" базасында сегіз корпус пен асханаға зақым келген.
Өрт себебі анықталып жатыр. Соталды тергеу басталып, бірнеше сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша қажет шешім қабылданатын болады.
С. Сатыбалдина