Алакөлде тосын жағдайға тап болған демалушылар құтқарылды

Алакөлде тосын жағдайға тап болған демалушылар құтқарылды
Фото: Видео кадры

Жетісу облысы Ақши ауылы маңында Алакөл көлінде қиын жағдайға тап болған екі адамға құтқарушылар көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гидроциклдің техникалық ақауына байланысты олар өз бетінше жағаға жете алмай, шамамен бір шақырым қашықта қалып қойған.

"Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, азаматтарды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ баспасөз қызметі 

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін еске салды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget