Алакөл көлінің жағасынан 40 шақырым жерде сегіз адам мінген қайықтың қозғалтқышы істен шығып, демалушылар өз бетінше жағаға орала алмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар туристерге көмекке келді.
"ТЖМ қызметкерлері оларды өз қайықтарымен жағаға шығарып, құтқарды. Туристерге медициналық көмек қажет емес", - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылардың бірінің сөзінше, туристер жағаға екі қайықпен шығарылды, ал олардың моторлы қайығы көлде қалды.
Еске салайық, бұған дейін Алакөл жағасында екі бала жоғалып кеткені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!